Риядта Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің қызметін жандандыру мәселелері талқыланды
13.01.2026 15:10:32 208
Рияд, 2026 жылғы 12 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Қазақстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ахмед Әл-Дахилмен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың ілгерілету перспективаларын қарастырды.
ҚР Елшісі Іскерлік кеңесті екі ел арасындағы инвестициялық өзара әрекеттесуді кеңейту, іскерлік байланыстарды дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін негізгі алаң ретінде белсенді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде, Ахмед Әл-Дахил қос мемлекет арасындағы ықпалдастықтың елеулі әлеуетін атап өтіп, сауд тарапының өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-шаралар өткізу және бизнес делегацияларының өзара сапарларын ұйымдастыру арқылы Іскерлік кеңестің қызметін жандандыруға уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1140348?lang=kk