2026 жылғы 1 қаңтарға дейін патент негізіндегі арнайы салық режимін және арнайы мобильді қосымшаны қолданған салық төлеушілерге арналған ақпарат

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін патент негізіндегі арнайы салық режимін және арнайы мобильді қосымшаны қолданған салық төлеушілерге арналған ақпарат

13.01.2026 16:00:35 220

Салық заңнамасын дұрыс қолдану және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілердің назарын келесі маңызды мәселелерге аударады.

 

  • Салық салу режимін таңдау

Арнаулы салық режимдерін (АСР) қолданатын салық төлеушілер заңнамада белгіленген тәртіппен салық салу режимін таңдау туралы хабарламаны уақтылы ұсынуы қажет.

 

  • Патент пен АМҚ (СМП) режимінен көшу

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы мобильдік қосымшаны (АМҚ / СМП) пайдалана отырып, патент негізіндегі АСР-ды қолданған және тіркелген бақылау-касса машиналары (БКМ) бар салық төлеушілерге:

 

– оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне көшу, немесе

– өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде қызметті жүзеге асырған жағдайда БКМ-ді тіркеуден шығару қажеттігі түсіндіріледі.

 

  • Салық берешегін өтеу

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін АМҚ (СМП) пайдалана отырып, патент негізіндегі АСР-ды қолданған және салық берешегі бар салық төлеушілерге оны уақтылы өтеу бойынша шаралар қабылдау қажет.

 

Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерді салықтық міндеттемелерді орындауға жауапкершілікпен қарауға және қажетті жағдайда аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына немесе ресми ақпараттық ресурстар арқылы түсіндірме алуға шақырады.

 

Салық заңнамасы талаптарын уақтылы сақтау әкімшілік шаралардың қолданылуына жол бермей, кәсіпкерлік қызметті тұрақты жүргізуге мүмкіндік береді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1140427?lang=kk