12.01.2026 жылы Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салық төлеушілерге арналған «Ашық есік күні» өтті

12.01.2026 жылы Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салық төлеушілерге арналған «Ашық есік күні» өтті

13.01.2026 16:51:28 291

12.01.2026 жылы Ақсу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салық төлеушілерге арналған «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салық төлеушілерге қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсету, олардың салық заңнамасына қатысты сұрақтарына түсінікті жауап беру болды.

Ашық есік күні барысында аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер өздерін толғандырған салық мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, басқарма қызметкерлерінен жан-жақты әрі нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, мамандар жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ «Халық есепшісі» акциясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара салық төлеушілер мен мемлекеттік орган арасындағы өзара байланысты нығайтуға, салық мәдениетін арттыруға және заң талаптарын дұрыс түсінуге оң ықпал етті. Қатысушылар ұйымдастырылған шараның өзектілігін атап өтіп, берілген кеңестердің пайдалы болғанын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1140496?lang=kk