Қазақстан мен ХЭО ынтымақтастықты дамыту және 2026 жылғы Өкілетті конференцияға дайындық мәселелерін талқылады
14.01.2026 08:40:39 252
Женева, 2026 жылғы 13 қаңтар – Бүгін Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаевтың Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин ханыммен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен ХЭО арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Елші Қазақстан Республикасы Президентінің Өңірлік экологиялық саммитке қатысу жөніндегі ресми шақыруын Бас хатшыға табыстап, орнықты даму мақсатындағы цифрлық шешімдер саласында өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Тараптар сондай-ақ ХЭО-ның 2026 жылғы Өкілетті конференциясына дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты және Қазақстанның Халықаралық электр байланысы одағының жұмысына белсенді қатысуға мүдделілігін растады.
Кездесу барысында практикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктеріне, соның ішінде ХЭО алаңында Қазақстанның сарапшыларының қатысуымен бірлескен іс-шараларды өткізу мәселелерін пысықтауға ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1140698?lang=kk