Алматылық майдангер байланысшы 100 жасқа толды
14.01.2026 12:30:43 132
Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Назарович Поповты ғасырлық мерейтойымен құттықтады.
Әскери ведомство өкілдері ардагерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар табыстады. Олар Анатолий Назаровичке көрсеткен ерлігі, қайсарлығы мен әскери борышына адалдығы үшін алғыс айтып, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі. Ғасыр жасаған қарт майдангер көру, есту қабілеттерінің әлсірегеніне қарамастан, қонақтарды жылы қабылдады. Ардагердің қызы әскерилерге отбасының алғысын білдірді. – Әкемізге көрсетілген қамқорлық пен ерекше құрмет үшін әскери қызметшілерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бұл әкеміз үшін де, отбасымыз үшін де өте маңызды, – деді Наталья Косолапова. Анатолий Попов 1926 жылғы 13 қаңтарда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген. Соғыс жылдарында әскери байланысшы мамандығын меңгеріп, 2-ші Прибалтика майданының құрамында шайқасқан. Рига түбіндегі ұрыстарға қатысты. Анатолий Назарович «Риганы азат еткені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған. Соғыстан сол ол Саратов әскери-медициналық училищесін бітіріп, Германияда әскери қызметін жалғастырды. Алматыға оралған соң зейнеткерлікке шыққанға дейін санитарлық-эпидемиологиялық қызметте фельдшер болып еңбек етті. Ардагерді ғасырлық мерейтоймен құттықтау – оның Жеңіске қосқан елеулі үлесі мен бейбіт өмірдегі қажырлы еңбегіне білдірілген зор құрмет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1141046?lang=kk