Солоновка ауылында азаматтарды қабылдау өтті
15.01.2026 12:01:39 289
№5 сайлау учаскесінің депутаты Веригин Дмитрий Николаевич бекітілген кестеге сәйкес Солоновка ауылында сайлаушыларды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында ауыл тұрғындары бірқатар мәселелерді көтерді.
Атап айтқанда, бос жүрген иттердің көбеюі, сондай-ақ елді мекен аумағында түлкілердің пайда болуы тұрғындардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық тудырды. Осыған байланысты тұрғындар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылданатыны жөнінде сұрақтар қойды.
Сонымен қатар, ауыз су сапасының төмендеуіне байланысты су сүзгілерін ауыстыру мәселесі де көтерілді.
Барлық көтерілген мәселелер бойынша депутат тарапынан тиісті түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1141672?lang=kk