Әдепті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу
15.01.2026 12:22:00 313
Кәсіпкерлік, энергетика және коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдары облыстық басқармаларында Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын сақтау, мемлекеттік мекемелерде құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтардын алдын алу тақырыбында әдеп жөніндегі уәкіл Қ. Сюндиковтің қатысуымен семинар-кеңестер өтті.
2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасын, Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарды, Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, зайырлы мемлекет қағидаттарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын алдын алу бойынша мемлекеттік мекемелерінде жұмысты ұйымдастыру мәселері талқыланды.
Қ.Сюндиков мемлекеттік мүлік, соның ішінде бағынысты мекемелердің қызметтік көлікке бақылауды ұйымдастыру (GPS-жүйесі, қызметтік көлікті пайдалану регламенті, және т.б.) мәселесіне назар аударды.
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (СЖТІТ - ВАКР), мемлекеттік қызметтегі ескертпелер мен ұсынымдарды сақтау, құқықтық оқуды ұйымдастыру, азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесу және волонтерлік бастамаларды дамыту мәселері қаралды.
Мемлекеттік мекемелердің ұжымдары 2025 жылғы анонимдік сауалнаманың нәтижелері туралы ақпарат алды.
Қ. Сюндиков «Қостанай облысы әкімі аппараты» ММ
әдеп жөніндегі уәкілі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1141733?lang=kk