KUFPEC Қазақстанның газ секторына инвестицияларға қызығушылық танытуда

KUFPEC Қазақстанның газ секторына инвестицияларға қызығушылық танытуда

15.01.2026 17:20:32 198

Әл-Кувейт, 2026 жылғы 15 қаңтар – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Kuwait Foreign Petroleum Exploration Company (KUFPEC) Бас атқарушы директоры Исса Әл-Марагимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ энергетика секторындағы өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары талқыланды.

KUFPEC басшылығы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мүмкіндіктерді зерттеуге қызығушылық білдіріп, елдің инвестициялық әлеуетін алдын ала талдаудың басталғаны туралы хабарлады.

Тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын және компанияның орта мерзімді перспективада газ саласының жобаларын іске асыруға ықтимал қатысуын айқындау мақсатында диалогты жалғастыруға және ақпарат алмасуға әзірлігін растады.

Kuwait Foreign Petroleum Exploration Company (KUFPEC) Кувейттен тыс жерлерде мұнай мен табиғи газды барлауға, игеруге және өндіруге мамандандырылған халықаралық компания. Компания Kuwait Petroleum корпорациясының еншілес кәсіпорны болып табылады және өз қызметін Аустралия, Азия, Африка және Солтүстік Америка елдерін қоса алғанда, бес континенттегі 10-нан астам елде жүзеге асырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1142052?lang=kk