Қазақстан СІМ-де Иранның сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасарымен кездесулер өтті
15.01.2026 20:21:18 294Астана, 2026 жылғы 15 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасы сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Казем Гарибабадимен кездесу өткізді.
Тараптар екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес және Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
2025 жылғы 10-11 желтоқсанда Иран Президенті Масуд Пезешкианның Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сұхбаттастар қол жеткізілген келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асыруға және екіжақты ынтымақтастыққа басым бағыттар бойынша қосымша серпін беруге өзара мүдделілік растады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың Иран делегациясымен келіссөздері өтіп, көпжақты ынтымақтастық және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Дипломаттар Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде өтетін алдағы іс-шаралар, сондай-ақ Каспий теңізі мәселелері бойынша ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы және әлемдегі жалпы ахуалдың дамуына қатысты өзекті мәселелер қозғалды.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Тегеран арасындағы конструктивті диалогты жалғастыруға және жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жоғары өзара қызығушылықтарын растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1142189?lang=kk