ИКАО жанындағы Түркияның Тұрақты өкілімен кездесу өтті

ИКАО жанындағы Түркияның Тұрақты өкілімен кездесу өтті

16.01.2026 08:30:36 149

Монреаль, 2026 жылғы 15 қаңтар – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов мырза Қазақстанның Тұрақты өкілдігіне сыпайылық мақсатындағы сапармен келген, ИКАО жанындағы жаңадан тағайындалған Түркияның Тұрақты өкілі Шебнем Дженк ханыммен кездесті.

Кездесу барысында Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы ИКАО алаңындағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін, оның ішінде өзара қолдау көрсету, ұшулар қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Әңгіме барысында қазақ-түрік достастық пен бауырластық қарым-қатынастарының жоғары деңгейі, сондай-ақ қос ел арасындағы тікелей әуе рейстерінің белсенділігі ерекше атап өтілді.

Бұдан бөлек, авиациялық биліктері арасында тәжірибемен алмасу, көмек пен техникалық қолдау көрсету мен авиациялық мамандар үшін тренингтерді ұйымдастыру мәселелері талқыланды. 

Кездесу достық және сындарлы атмосферада өтті. Тараптар екіжақты байланыстарды одан әрі жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazakhstanicao/press/news/details/1142202?lang=kk