Қазақ халқының батыр ұлдары

Қазақ халқының батыр ұлдары

16.01.2026 17:30:40 1089

Қазақ халқының батыр ұлдары

 

13 қаңтар күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ-тің оқушылары үшін «Қазақ халқының батыр ұлдары» атты тарих сағатын өткізді.

Іс-шара жоңғар шапқыншыларына  қарсы күресте ерлік көрсеткен Наурызбай батырдың туғанына 320 жыл толуына арналды.

Оқушылар батырдың өмірі мен ерліктері туралы мағлұмат алып, «Қазақ батырлары» тақырыптық сөре материалдарымен танысты және «Батыр  жолы» атты викторинаға қатысты. Тарих сағаты тақырыптық презентациямен сүйемелденді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1142795?lang=kk