Қазақстан СІМ-де Латвиямен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды
16.01.2026 20:00:36 147Астана, 2026 жылғы 16 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Латвия Республикасының Елшісі Даце Руткамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-латыш ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары талқыланды.
Өзара сауда көлемін ұлғайту үшін шешуші маңызға ие көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Қызығушылық тудыратын түрлі бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындық білдірілді, сондай-ақ 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесі талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар мазмұнды диалогты жалғастыру және екі ел арасындағы жан-жақты өзара ынтымақтастықты тереңдету ниетін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1142955?lang=kk