Крещение мерекесі

Крещение мерекесі

17.01.2026 16:40:19 208

2026 жылғы 18–19 қаңтар күндері Алматы облысында дәстүрлі Крещение рәсімі ұйымдастырылады. Өңірде рәсімді қауіпсіз өткізу мақсатында барлық талаптар сақталған 21 стационарлық орын белгіленіп, келісілген.

Крещение рәсімі өтетін орындар: Қонаев қаласында – 1, Іле ауданында – 6, Талғар ауданында – 7, Жамбыл ауданында – 4, Қарасай ауданында – 1, Еңбекшіқазақ ауданында – 2. Барлық алаңдар қатысушыларға ыңғайлы кіріп-шығу жолдарымен, баспалдақтармен, жарықтандырумен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қажетті құралдармен жабдықталады.

Рәсім өтетін орындарда полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері және медицина қызметкерлері кезекшілік атқарады. Іс-шараларды үйлестіруді Алматы облысының Дін істері басқармасы мен аудандық және қалалық әкімдіктер жүзеге асырады.

«Крещение рәсімі барлық ниет білдірушілер үшін ашық. Сонымен қатар қатысушылар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы, ауа райы жағдайын, өз денсаулығын ескеруі және суға түсуге алдын ала дайындалуы қажет. Крещение рәсімі – ең алдымен рухани дәстүр, сондықтан оған қатысу саналы әрі жауапты болуы тиіс», – деп атап өтті Алматы облысының Дін істері басқармасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1143035?lang=kk