2026 жылғы 22 қаңтарда облыс әкімдігінде интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне арналған полиция органдары мен прокуратура өкілдерімен кездесу өтті
22.01.2026 14:02:41 140
Кездесу барысында Қостанай облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары О. А. Магыпаров және Қостанай қалалық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры А. А. Қастай қатысты. Интернет-алаяқтықтың неғұрлым кең таралған схемалары мен тәсілдері, күдікті қоңыраулар мен хабарламалар түскен кездегі іс-қимыл алгоритмі, құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу жөніндегі шаралар туралы кездесуге қатысушыларға жеткізілді.
Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1145875?lang=kk