Шымкентте лудомания мен нашақорлықтың зияндылығына арналған кинофильм көрсетілді
23.01.2026 09:48:51 258
Шымкент қаласы прокуратурасы, Қала әкімдігімен бірлесіп дайындаған жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында лудомания мен нашақорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін баяндайтын толықметражды кинофильмнің көрсетілімі өтті.
Аталған іс-шараға 700-ден астам студенттер мен жастар қатысты.
Кинотуынды арқылы жастарға лудомания мен нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиясына және әлеуметтік өміріне тигізетін зияны көрнекі түрде жеткізілді.