Fabe Polska компаниясы Қазақстанда құны 69 млрд теңге болатын жылыжай кешенін салады

Fabe Polska компаниясы Қазақстанда құны 69 млрд теңге болатын жылыжай кешенін салады

23.01.2026 15:31:00 126

 Fabe Polska компаниясы Қазақстанда құны 69 млрд теңге болатын жылыжай кешенін салады

 Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Fabe Polska компаниясының басқарма төрағасы Фатих Будан жылыжай саласын дамытуға бағытталған ірі жобаны іске асыру жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойды.

 Жоба аясында Шымкент қаласында жылына 38 мың тонна қызанақ өндіретін заманауи жылыжай кешенін салу жоспарлануда. Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 69 млрд теңгені құрайды.

 Кездесу барысында Айдарбек Сапаров жобаның агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1146818?lang=kk