Ескерту қағаздары таратылды
23.01.2026 15:50:40 126
Баянды ауылының аумағында атына автокөлік тіркелген тұрғындарға көлік салығы бойынша ескерту қағаздары таратылды.
Ескерту құжаттарында көлік салығын белгіленген мерзімде төлеу қажеттілігі көрсетілген. Салық берешегі өтелмеген жағдайда, заңнамаға сәйкес берешек сомасы сот тәртібімен өндіріліп, банк шоттарына шектеу қойылатыны туралы хабарланған.
Ауыл тұрғындарын берешектерінің бар-жоғын тексеріп, көлік салығын уақытылы төлеуге шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1146854?lang=kk