2026 жылдың 1 –ші қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша еңгізілген негізгі өзгерістер

2026 жылдың 1 –ші қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша еңгізілген негізгі өзгерістер

23.01.2026 16:00:42 120

Техногендік минералдық түзілімдердің (ТМТ) құрамынан алынған пайдалы қазбаларға пайдалы қазбаларды өндіру салығын 10 есе төмендету.

Салық Кодексінің ескі басылымына сәйкес, ТМТ-дан алынатын қатты пайдалы  қазбалардың салық салу бойынша жеке бап және есептеу тәртібі көзделмеген.

Сонымен, Салық кодексінің 783-ші бабына сәйкес техногендік минералдық түзілімдерден алынған пайдалы қатты қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу кезінде жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 781-бабында белгіленген мөлшерлемелерге 0,1 төмендету коэффициентін қолданады.

Өндіру көлемін және уран концентратының әлемдік бағасын ескеретін өндірілген уран үшін гибридті шкаланы енгізу (бұрын тіркелген мөлшерлеме қолданылған).

Уранға арналған Салық кодексінің ескі басылымның нормаларына сәйкес (өнімді ерітінділерден алынған, шахта әдісі) ТКС есептеу кезінде салық базасына 6% мөлшерінде мөлшерлеме қолданылды.

Жаңа Кодекс бойынша 781-бапқа сәйкес мөлшерлемелер көзделген және жылдық өндіру көлеміне және табиғи уран концентратының орташа өлшенген бағасына байланысты болады.

Өндірілген алтын мен күміске ТКС-ге прогрессивті салық салу, әлемдік бағаларға байланысты 7,5% - дан 11% - ға дейін.

Ескі кодекс бойынша Алтын мен күміске ТКС есептеу кезінде 7,5% бірыңғай мөлшерлеме қарастырылған.

Жаңа Салық кодексінің нормаларына сәйкес мөлшерлеме орташа биржалық бағаға байланысты белгіленеді және 7,5% - дан 11% - ға дейін өзгереді.

Мысалы, егер алтынның орташа биржалық бағасы троя унциясы үшін 2800 долларға дейін болса, 7,5% мөлшерлеме қолданылады.

Троя унциясы үшін орташа биржалық бағасы 3800 доллар болса, мөлшерлеме 11% құрайды.

Сол сияқты күмісте, мысалы, егер күмістің орташа биржалық бағасы троя унциясы үшін 28 долларды қосқанда мөлшерлеме 7,5% құрайды, егер орташа биржалық баға троя унциясы үшін 30 долларды қосқанда мөлшерлеме 8% болады және т. б.

Тау-кен саласында қолданыстағы капиталды көп қажет ететін жобаларды 5 жылға  пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босату.

Бұл норма Салық кодексінің жаңа басылымының 782-бабында регламенттелген. Осы баптың нормаларына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығынан  босатуды қолдану үшін 3 Шартты бір мезгілде сақтау қажет.

1)жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісім шарт бойынша кен орындары тобы бойынша минералдық шикізатты өнеркәсіптік өндіру, кен орнының бір бөлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған шарттар сақталған кезде 2022 жылғы 31 желтоқсаннан кейін басталды;

2)жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобы бойынша рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейі кен орнының бір бөлігін 15 пайызды және одан азды құрайды.

3)жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісім шарт бойынша кен орындары тобы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы, осы тармақта көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасы қолданылған кен орнының бір бөлігі, өзара байланысты тараптың пайдасына иеліктен шығаруды қоспағанда, осы тармақтың ережелерін қолдану кезеңі ішінде иеліктен шығарылуға жатпайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1146893?lang=kk