KazAID және Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры
26.01.2026 18:11:11 176
KazAID және Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасы А. Арыстанов түркі мәдениеті және мұрасы қорының жобаларын іске асыру бөлімінің директоры Н. Ақсумен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту жолдарын және түркі әлеміндегі мүдделі серіктестермен бірге техникалық көмек саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады. Қос тарап мәдени және гуманитарлық серіктестік пен бірлескен бастамалар шеңберінде тәжірибе алмасуға ерекше назар аударды.
Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының директоры Қазақстанның бай мәдениеті мен сан-қырлы тарихына және оның түркі әлемінде алатын маңызды орнына баса назар аударды. Бұл фактор бірлескен жобаларды іске асырудың бастамасы бола алатынын атап өтті.
Қорытындылай келе, қос тарап ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізіп, серіктестіктің бағыттарын пысықтау мақсатында байланыста болуға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1148197?lang=kk