Румыния Қазақстанның конституциялық реформаларының құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңыздылығын атап өтті

Румыния Қазақстанның конституциялық реформаларының құқықтық мемлекетті нығайтудағы маңыздылығын атап өтті

26.01.2026 20:10:52 131

Құқықтық мәселелер жөніндегі парламенттік комитеттердің 3-ші форумы барысында (23-25 қаңтар 2026 ж., Моисей қ.) Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшісі Е.Әли форумға қатысушыларды еліміздегі адам құқықтарын қорғау саласындағы ағымдағы ахуалы туралы хабардар етіп, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды.

Аталған мәселе Қазақстанның мемлекеттік органдарының назарында, заңнаманы жетілдіру, зардап шеккендерді қорғаудың институционалдық тетіктерін күшейту, сондай-ақ профилактикалық және әлеуметтік бағдарламаларды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдануда.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Елшісі елде жүргізіліп жатқан саяси және құқықтық реформалар, оның ішінде парламенттік жүйенің өзгеруі және мемлекеттің конституциялық-құқықтық архитектурасындағы өзгерістер туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Талқылау барысында Қазақстанның Президенті Қ.Тоқаев бастамашылық еткен және Ұлттық Құрылтайда талқыланған конституциялық және парламенттік реформалар кешенін қамтитын саяси жаңғыртудың жаңа кезеңіне өткені атап өтілді.

Ұлттық Құрылтай азаматтарды мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға және саяси тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін стратегиялық реформалар мен заңнамалық бастамаларды талқылауға тартатын қоғамдық диалогтың тиімді алаңы ретінде белгіленді.

Қазақстандық тарапының баяндамасы форумға қатысушылардың қызығушылығын тудырып, құқықтық даму, парламенттік реформалар және адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық саласындағы тәжірибе алмасуға үлес қосты.

Анықтама: жыл сайынғы 3-ші Форум Румыния, Молдова, Украина және Албания парламенттік заң комиссияларының делегацияларын, сондай-ақ шақырылған қонақтар ретінде Әзірбайжан, Қазақстан және Грузия өкілдерін жинады.

Форум жұмысы пленарлық отырыстар мен тақырыптық панельдік пікірталастар форматында өтіп, қатысушыларға ұлттық тәжірибе алмасуға және өзекті құқықтық сын-қатерлерге ортақ тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың құқықтық мемлекет қағидаттарына және парламентаралық сындарлы диалогты жалғастыруға беріктілігі расталды.

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1148316?lang=kk