Түркі академиясының Мажарстанның ғылыми құрылымдарымен ынтымақтастығы талқыланды
26.01.2026 20:10:53 111
Будапешт, 2026 жылғы 23 қаңтар - Түркі академиясының Президенті, академик Шаһин Мұстафаев Мажарстандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлымен кездесті.
Кездесу барысында Елші Абзал Сапарбекұлы Түркі академиясының қызметіне қызығушылық танытып, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен ғылыми бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.
Өз кезегінде Шаһин Мұстафаев Түркі Академиясының қызметі мен стратегиялық басымдықтары, жүзеге асырылып жатқан ғылыми жобалары жөнінде кеңінен баяндап, Мажарстан мен Қазақстанның жетекші ғылыми орталықтары мен ғалымдарымен тығыз және жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп отырғанын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1148312?lang=kk