Электрондық шот-фактуралар бойынша өзгерістер туралы

Электрондық шот-фактуралар бойынша өзгерістер туралы

27.01.2026 15:10:53 169

       Қазақстан Республикасының Салық кодексі шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық шот-фактуралар бөлігінде мынадай негізгі өзгерістер күшіне енеді:

  1. Түзетілген, қосымша және кері қайтарып алынған ЭШФ алушының міндетті растауы:

      Түзетілген, қосымша және кері қайтарып алынған ЭШФ ЭШФ АЖ-де алушы – ҚҚС төлеуші міндетті растауға жатады, бұл ретте түзетілген және қосымша ЭШФ осындай ЭШФ алушысынан растау болған кезде жазып берілген, ал кері қайтарып алынған – кері қайтарып алынған болып есептеледі.

ҚҚС төлеуші болып табылмайтын алушылар үшін реакция болмаған кезде белгіленген мерзім өткеннен кейін автоматты растау көзделген.

  1. ЭШФ жазуға міндетті субъектілер шеңберін кеңейту, оның ішінде:

     – ҚҚС төлеушілер:

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде бейрезиденттен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, егер өткізу орны Қазақстан Республикасының аумағы деп танылса, салық төлеуші бейрезидент үшін ЭШФ жазып беруге міндетті;

     – ҚҚС төлемеушілер:

      оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтер бойынша, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын, сондай-ақ техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша – салық төлеуші;

      адвокаттық кеңсе жасаған шарттар бойынша адвокаттық осындай кеңсені дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп құрған адвокат көрсеткен заң көмегі жөніндегі адвокаттық кеңсе.

        Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Салық кодексі шеңберінде құны айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша ЭШФ жазып беру міндеттемесі бойынша норма алынып тасталғанын атап өтеміз.

  1. Биометриялық сәйкестендіруден өту:

     – ЭШФ АЖ-нің қатысушысын ЭШФ АЖ-де тіркеу кезінде;

    – ЭШФ куәландырылған кезде – салық төлеушіге қатысты ЭШФ Салық кодексінің 93-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде тәуекел анықталған жағдайларда.

       Бұл ретте биометриядан өтудің жалпы саны 3 (үш) табысты растаумен шектеледі, содан кейін салық төлеушіге биометриядан өтпей ЭШФ одан әрі жазып беру мүмкіндігі беріледі.

  1. «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда Ұлттық каталогына сәйкес тауар кодын көрсету.
  2. ҚҚС сомасын есепке жатқызу.

      ЭШФ АЖ-де есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы танылған жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күні келетін кезеңді көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларация ұсынылғанға дейін осындай тану туралы белгі қойылады.

  1. Комиссионерлердің, экспедиторлардың сыйақы сомасын бөлек жолмен бөлініп көрсетуі.

     Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарт бойынша, сондай-ақ көлік экспедициясы шарты бойынша шот-фактураны жазып берген кезде шот-фактурадағы сыйақы сомасы бөлек жолмен бөлініп көрсетіледі.

  1. «Жеткізушінің деректемелері» В бөлімінде «ҚҚС төлеушінің тіркеу есебіне қою күні» деген 9-жол қосылды.

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1148778?lang=kk