Бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімді іс-қимылына Қарулы күштердің 8 мыңға жуық бөлімшесі қатысты

Бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімді іс-қимылына Қарулы күштердің 8 мыңға жуық бөлімшесі қатысты

27.01.2026 15:20:37 217

Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес Қарулы күштер түрлері мен әскер тектерінің бөлімшелерінде бөлімшелерді, экипаждар мен есептоптарды үйлестіру өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – бөлімшелер жеке құрамының келісілген іс-қимылына қол жеткізу және кіші командирлердің бағыныстыларды басқарудағы дайындық деңгейін жетілдіру.
Сабақтар тәжірибелі командирлер мен нұсқаушылардың жетекшілігімен оқу сыныптарында, полигондарда және аэродромдарда штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы іс жүзінде қолдану арқылы ұйымдастырылды. Қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөлінді.
Үйлестіру іс-қимылы барысында тактикалық, тактикалық-арнайы және арнайы дайындық тақырыптары байланыс, барлау, инженерлік және әскери-медициналық даярлық мәселелерімен кешенді түрде кезең-кезеңмен пысықталды. Іс-шаралар бекітілген қарудан ату дағдыларын, жауынгерлік және арнайы машиналарды жүргізу шеберлігін арттыруға, сондай-ақ әскери қызметшілердің дене дайындығын нығайтуға бағытталды.
Қорытынды кезеңде бөлімшелер күндізгі және түнгі уақытта штаттық қару-жарақ пен әскери техникадан жауынгерлік атыстарды орындады. Сонымен қатар, бақылау тактикалық сабақтары барысында жеке құрамның дайындық деңгейі тексерілді.
Бөлімшелерді үйлестіруден өткізу – жауынгерлік дағдыны жетілдіру мен қойылған тапсырмаларды тиімді орындауға бағытталған Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттырудың маңызды кезеңі. Дайындыққа барлығы 8 мыңға жуық бөлімше тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1148792?lang=kk