Қазақстан – Таиланд: сараптамалық диалогқа жаңа серпін

Қазақстан – Таиланд: сараптамалық диалогқа жаңа серпін

28.01.2026 10:01:05 128

Бангкок, 2026 жылғы 26 қаңтар – Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан Институт королі Праджадипоктың (King Prajadhipok’s Institute, KPI) Бас хатшысы Иссара Сириваттханавутпен кездесу өткізді.

Институт королі Праджадипок Таиландтағы демократия, конституционализм, саяси үдерістер және тиімді мемлекеттік басқару салаларындағы зерттеулер бойынша жетекші ұлттық орталық болып табылады. Институт ел мен провинциялар басшылығы үшін білім беру бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстарын белсенді жүзеге асырады, ғылыми зерттеулер мен консультациялық қызмет жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, парламенттік құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік басқару, қоғамдық даму, парламентаризм және орталық мемлекеттік органдар (ОМО) мен жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) үшін кадр даярлау салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Таиландтың бейінді ғылыми-білім беру және талдау құрылымдары арасында әріптестік байланыстар орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Әңгіме барысында қазақстандық дипломат Таиланд тарапына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы қаңтарда Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде айқындалған саяси жаңғыртудың негізгі басымдықтары туралы жан-жақты баяндады. Елші реформалардың «Әділетті Қазақстанды» құруға, «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Конституциялық комиссия құру жөніндегі шешімін ерекше атап өтті. Бұл комиссия мемлекеттік құрылымды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды жүйелі түрде жинақтап, конституциялық өзгерістер пакетін әзірлеп, оны кейін жалпыұлттық референдумға шығаруды көздейді.

М.Баймұхан елімізде жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің қайтымсыз екенін және азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған тиімді, ашық мемлекет қалыптастыруға, сондай-ақ орнықты демократиялық институттарды одан әрі дамытуға бағытталғанын ерекше подчеркеді.

 

«Қазақстан Таиланд Корольдігінің бейінді институттарымен практикалық әрі мазмұнды ынтымақтастыққа ашық. Сарапшылар алмасу, бірлескен зерттеулер мен білім беру бағдарламалары елдеріміздің кадрлық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қоса алады», – деді Елші М. Баймұхан.

Өз кезегінде Бас хатшы И. Сириваттханавут Қазақстанның ғылыми-білім беру және талдау ұйымдарымен әріптестік байланыстар орнатуға қызығушылық білдіріп, салыстырмалы зерттеулер жүргізу, парламенттік қызмет тәжірибесімен алмасу, демократия институттарын дамыту және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру бағыттарында ынтымақтастық үшін әлеуеттің жоғары екенін атап өтті.

Тараптар бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізу, сарапшылар мен білім беру бағдарламалары тыңдаушыларын алмастыру, сондай-ақ ортақ зерттеу жобаларын іске асыру сияқты ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша KPI Бас хатшысының Қазақстанға сапарын пысықтау жөнінде келісімге қол жеткізілді. Сапар аясында мемлекеттік органдармен, ғылыми-білім беру және талдау құрылымдарымен мазмұнды кездесулер өткізу, сондай-ақ практикалық өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын айқындау көзделеді.

Анықтама үшін: Институт королі Праджадипок (King Prajadhipok’s Institute, KPI) Таиландтағы демократиялық даму, парламентаризм және заманауи мемлекеттік басқару саласындағы негізгі ұлттық орталықтардың бірі. Институт Парламент пен мемлекеттік органдар үшін жетекші сараптамалық-талдамалық және білім беру алаңы рөлін атқарады, қолданбалы зерттеулерді, ұсынымдар әзірлеуді және кадр даярлауды ұштастырады. KPI-да зерттеушілер, талдаушылар, оқытушылар және тәжірибелі мамандардан тұратын ірі пәнаралық команда жұмыс істейді. Жыл сайын Институт бағдарламаларынан парламентарийлер, орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер, саяси партиялар өкілдері, азаматтық қоғам мүшелері мен жас көшбасшылар өтеді. Азаматтық қатысуды және саяси инклюзияны дамыту шеңберінде KPI 76 Азаматтық және саяси даму орталығын құрды. KPI қызметінің ауқымы және мемлекеттік басқару жүйесіндегі мәртебесі Институтты Таиландтың ең беделді «ой-пікір орталықтарының» бірі әрі Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өңірлік құзыреттердің айқын орталығы етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1149441?lang=kk