«Тәуелсіздік - ең басты құндылық» атты кітап көрмесі өтті

«Тәуелсіздік - ең басты құндылық» атты кітап көрмесі өтті

28.01.2026 15:20:40 208

«Тәуелсіздік - ең басты құндылық» атты кітап көрмесі өтті

Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында бүгін Жаңаөзен қаласының орталық кітапханасында «Тәуелсіздік - ең басты құндылық» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты - Ел Тәуелсіздігінің тарихымен қатар, Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен даму бағыттары, азаматтық қоғам және демократиялық құндылықтар туралы оқырмандарға кеңінен ақпарат беру.

Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң, сондай-ақ құқықтық бағыттағы кітаптар мен танымдық басылымдар қойылды. Аталған іс-шара оқырмандардың қызығушылығын арттырып, олардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1149778?lang=kk