Үндістан Республикасының күніне орай қабылдау
28.01.2026 15:41:08 163
2026 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Үндістан Республикасының 77-ші күніне орай қабылдауда сөз сөйледі. Өз сөзінде Ж. Әбдрашов Қазақстан мен Үндістан арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Үндістан арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1149791?lang=kk