ЖИ, цифрландыру және E-Gov: Қазақстан Елшісі CITRA басшылығымен кездесті

ЖИ, цифрландыру және E-Gov: Қазақстан Елшісі CITRA басшылығымен кездесті

28.01.2026 17:10:57 149

Әл-Кувейт, 2026 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеевтің Кувейттің Коммуникациялар және ақпараттық технологиялар саласындағы реттеу басқармасының (CITRA) төрағасы Халед Әл-Замельмен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллектті, электрондық үкіметті және цифрлық мемлекеттік сервистерді дамыту саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

Қазақстан Елшісі Қазақстан Республикасындағы цифрлық трансформацияның басымдықтары, электрондық үкіметтің экожүйесін дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект және «ақылды» технологиялар саласындағы ұлттық бастамалар туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, CITRA басшылығы қазақстандық тәжірибені зерделеуге және аталған бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды жолға қоюға қызығушылық білдірді.

Тараптар а.ж. 4-5 ақпанында Кувейтте өтетін Цифрлық ынтымақтастық ұйымының (Digital Cooperation Organization) 5-ші Бас Ассамблеясы шеңберіндегі күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сараптамалық тәжірибе алмасуға және цифрлық экономика саласындағы әріптестікті дамытуға өзара мүдделілікті растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1150000?lang=kk