Вашингтонда АҚШ-пен ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Вашингтонда АҚШ-пен ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

29.01.2026 08:30:34 192

Вашингтон, Колумбия аймағы, 2025 жылғы 27 қаңтар – АҚШ астанасында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылып, коммерциялық ядролық энергетика саласындағы саясат пен технологиялар жөніндегі АҚШ-тағы жетекші салалық ұйымы Nuclear Energy Institute алаңында «Nuclear Fuel Supply Forum» өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Мағжан Ілиясов және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның коммерция жөніндегі бас директоры Владислав Байғожин қатысты.

Форум жаһандық ядролық отын циклының өзекті мәселелері мен даму мүмкіншіліктерін, сондай-ақ аталған стратегиялық шикізат жеткізілімдерінің тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету тақырыптарын талқылауға арналды.

Өз сөзінде Елші биыл орнағанына 35 жыл толып отырған Қазақстан-АҚШ қатынастарының жоғары деңгейін атап өтті. Ол Қазақстанның әлемдегі ең ірі уран өндіруші ретіндегі рөлін, оның үлесіне әлемдік бастапқы өндіру көлемінің шамамен 40 пайызы тиесілі екенін, сондай-ақ АҚШ нарығына негізгі жеткізушілердің бірі ретіндегі маңызын ерекше көрсетті.

Сонымен қатар, форум аясында Владислав Байғожин компанияның әлемдік уран нарығындағы қазіргі жағдайына шолу жасап, оның ұзақ мерзімді даму жоспарлары және басым бағыттарымен таныстырды.

Форум жұмысына АҚШ пен өзге де елдерден 100-ден астам қатысушы, оның ішінде ядролық отын циклының негізгі сегменттерінің өкілдері, АҚШ мемлекеттік органдарының қызметкерлері және салалық сарапшылар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-washington/press/news/details/1150199?lang=kk