Аудандық мәслихаттың депутаты Ж. Сыдыкова азаматтарды жеке қабылдау өткізді
29.01.2026 09:40:56 198
Бүгін аудандық мәслихаттың №4 сайлау округының депутаты Ж. Сыдыкова азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында Жұлдыз ауылының тұрғындары өздерінің бірқатар маңызды мәселелерімен жүгінді.
Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие алу, қоғамдық жұмысқа орналасу, сондай-ақ Қаратал баба ескерткішін орнату мәселелері көтерілді.
Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, тиісті құзырлы органдарға жолданды, кейбір сұрақтар бойынша сол жерде нақты түсіндірмелер берілді. Көтерілген мәселелер бақылауда болып, алдағы уақытта да жүйелі жұмыс жалғасады.
Тұрғындармен ашық диалог — басты міндетіміз.
#депутатқабылдауы
#ауыламанаты #халықпенбірге

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1150241?lang=kk