«Өрлеу» бағдарламасы аясындағы лизинг – бизнесті дамытуға арналған дайын шешім

«Өрлеу» бағдарламасы аясындағы лизинг – бизнесті дамытуға арналған дайын шешім

29.01.2026 10:40:32 135

«Өрлеу» лизинг бағдарламасы кәсіпкерлерге елде өндірілген отандық жабдық, арнайы техника, коммерциялық көлік пен жеңіл автомобильдерді бөліп төлеу арқылы сатып алуға мүмкіндік береді.

📌 Негізгі шарттары:

✔️ Қаржы 1 млрд теңгеге дейін беріледі

✔️ Алдын-ала төлем – лизинг құнының 15%-ынан басталады

✔️ Сыйақы мөлшерлемесі - жылына 17% дейін

✔️ Лизинг мерзімі - 7 жылға дейін

✔️ Қолда бар лизинг қарыздарын қайта қаржыландыру – қалдық мерзім ішінде

✔️ Сыйақы бойынша жеңілдікті кезең - 1 жылға дейін Бұл құрал алғашқы жылдардағы қаржылай жүктемені азайтып, айналым қаражатын сақтауға және дамуға бет бұруға жағдай жасайды. Бұнымен қатар бағдарлама қазақстандық өндірушілердің өнімдеріне сұраныс туғызып, отандық бизнестің дамуына ықпал етеді. Егжей-тегжейлі кеңес алу үшін Қостанай облысы бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалына мына мекенжай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 65, «СТИ Қостанай» бизнес орталығы, 2-қабат, 209-кабинет. Тел. 8 (7142) 990-305.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1150333?lang=kk