Тунис Сыртқы істер министрі Қазақстан Елшісін қабылдады

Тунис Сыртқы істер министрі Қазақстан Елшісін қабылдады

29.01.2026 14:00:33 111

ТУНИС, 2026 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Әнуарбек Ахметов Сыртқы істер, көші-қон және шетелдегі тунистердің министрі Мұхамед Әли Нафтиге сенім грамоталарының көшірмелерін табысты.

Қазақстан туралы жылы естеліктерін атап өткен Тунис Сыртқы істер министрі Елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі жан-жақты нығая түсетініне сенім білдірді.

Ә.Ахметов министрге ізгі тілегі үшін алғыс айтып, ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеру үшін бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси диалогты жандандыруға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.

Екі елдің көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдарына қатысты Мұхамед Әли Нафти «Тунис тарапы БҰҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында бауырлас Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсетуді жалғастырады» деп атап өтті.

Екі елдің бизнес-қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне, сондай-ақ экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар сындарлы диалогты жалғастыруға және екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-algeria/press/news/details/1150574?lang=kk