«Қазақстанның Тәуелсіздік тарихы» атты ашық сабақ өтті
29.01.2026 17:20:44 147
«Қазақстанның Тәуелсіздік тарихы» атты ашық сабақ өтті
Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында бүгін Теңге ауылындағы №11 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушылары арасында «Қазақстанның Тәуелсіздік тарихы» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды.
Ашық сабаққа Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Мұхаммедов және комиссия төрағасының орынбасары С. Қалаубаев қатысты.
Сабақ барысында Қазақстанның Тәуелсіздік тарихы, еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен даму бағыттары, азаматтық жауапкершілік пен дауыс берудің маңыздылығы туралы мазмұнды ақпараттар ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1150857?lang=kk