Әкімдіктің кезекті отырысы

Әкімдіктің кезекті отырысы

29.01.2026 18:50:53 124

   Бүгін Курчатов қаласының әкімі төрағалығымен әкімдік отырысының кезекті отырысы өтті, онда қала инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық дамуы және тұрақты қызметін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Күн тәртібінде ерекше назар Курчатов қаласы аумағында әскери есеп пен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды брондау жағдайына аударылды. 2025 жылы 35 адам әскерге шақырылып, әскери бөлімдерге жіберілді. Сонымен қатар, полиция бөлімінің материалдық-техникалық жабдықталу мәселесі қаралды. Маңызды мәселелердің бірі коммуналдық тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке алу және тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша жұмыстардың қорытындысын шығару болды. Қазіргі таңда «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында 375 азамат кезекте тұр, оның ішінде әлеуметтік осал топқа жататын 156 адам бар. Отырыста жылыту маусымы кезінде тұрғын секторда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары да қаралды: тұрғын үйлерге рейдтік тексерістер жүргізіледі, кейбір азаматтар үшін көміртегі газын анықтайтын датчиктер орнатылады. Сонымен қатар, қаладағы мемлекеттік мекемелердің 2025 жылғы қаржылық құжаттарын талдау нәтижелері тыңдалды. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе — 2025 жылы Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша Манcап орталығының жұмысының қорытындысы болды. Анықталғандай, белгіленген көрсеткіштер орындалған, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. Барлық қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар беріліп, әрі қарай жұмысқа басым бағыттар анықталды және орындалу мерзімдері белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1151055?lang=kk