Мемлекет басшысының және Бас Прокурордың тапсырмаларын орындау шеңберінде Алматы қаласында киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңесі өтті

Мемлекет басшысының және Бас Прокурордың тапсырмаларын орындау шеңберінде Алматы қаласында киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңесі өтті

30.01.2026 15:00:44 188

Мемлекет басшысының және Бас Прокурордың тапсырмаларын орындау шеңберінде а.ж. 30 қаңтарда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Алматы қаласында киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Іс-шараға Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қудалау қызметінің бастығы Елдос Сағиев, Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің, Ұлттық банктің, Ұлттық төлем корпорациясының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен екінші деңгейдегі банктердің басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Сабит Нұрлыбай қазіргі таңда елде тіркелген әр үшінші қылмыс алаяқтыққа, ал әр төртінші қылмыс – интернет алаяқтыққа қатысты екенін атап өтті. Алаяқтықттың ауқымы мен келтірген зияны қазіргі қолданыстағы шаралар механизмін бір қадам алға жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тиімділігін арттыру мақсатында Комитет Ұлттық Банкпен бірлесіп, «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» және «Антифрод орталық» ақпараттық жүйелерінің интеграциясын іске асырды. Бұл банктер мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ олардың оқиғаларға ден қою жылдамдығын айтарлықтай арттырды.  

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы бізге түбегейлі жаңа тәсілге – үлкен деректер, сценарийлік талдау және жасанды интеллект негізінде тәуекелдерді ерте анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.

Бұл контурға банктер мен байланыс операторларының жиынтықталған аналитикасын енгізу, сондай-ақ тәжірибе алмасу антифрод-шараларының тиімділігін объективті бағалау мүмкіндігін жақсартады, азаматтар зардап шегуге дейін, яғни алдын алу мақсатында жаңа алаяқтық схемаларға жылдам бейімделуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, кеңеске қатысушылар барлық мүдделі тараптар арасындағы деректерді біріктірудің, аналитиканың және кері байланыстың маңыздылығын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі күшейту және киберқылмыс пен алаяқтыққа қарсы күрестің тиімділігін арттауға бағытталған бірлескен цифрлық шешімдерді қолдану туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1151527?lang=kk