Өскемен қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері дәрілік заттарға баға белгілеу бөлігінде заңнама талаптарының сақталуын тексеру мақсатында кезекті рет қала дәріханаларына мониторинг жүргізді.
30.01.2026 16:00:48 293
Қайта мониторинг жүргізу барысында қала дәріханаларында шекті сату бағасын көтеру фактілері анықталған жоқ.
Сонымен қатар, мониторинг барысында «Гинипрал» дәрілік препаратының ұзақ уақыт сатылымда болмағаны тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 4994 препаратқа бөлшек саудада сатудың шекті бағасын бекітті.
Дәрілік препараттардың шекті рұқсат етілген бағасымен «Әділет» ресми сайтында танысуға болады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100024229) сілтемес» бойынша) «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1151593?lang=kk