Тең мүмкіндіктер: Қорғаныс министрлігінде гендерлік теңдік аспектілері талқыланды
31.01.2026 08:08:10 120
Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайыновтың БҰҰ құрылымы Орталық Азия үйлестіру кеңсесінің басшысы Джерен Гювен Гурес ханыммен жұмыс кездесуі өтті.
Тараптар гендерлік теңдік саласындағы ынтымақтастықты дамыту және әйел құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады. Бұл Қазақстанда ұлттық басымдықтар мен халықаралық стандарттарға сай іске асырылуы мүмкін бірлескен бастамалар, халықаралық тәжірибе алмасу және жобалар төңірегінде болды.
Кездесуге қатысушылар институционалдық әлеуетті нығайтуға және тең құқықтар мен мүмкіндіктер саласында заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған өзара әрекеттің практикалық форматтарына ерекше назар аударды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1151904?lang=kk