Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мысал оқушылар байқауы
31.01.2026 08:08:52 152
4 желтоқсан 2025 жылы Әдебиет пен өнер музейінде қала мектептерінің оқушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мысал өлеңдерді мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, қазақ әліпбиінің авторы, түркітанушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты ұлттық тәрбиеге баулу.
Өтінім берген оқушылардың ішінен қазылар алқасы сегіз үміткерді ғана іріктеп алды. Жарыстың негізгі кезеңіне шыққан сегіз бүлдіршін өнері мен білімін ортаға салып, көпшілік көрерменді тәнті етті. Тіл тазалығын сақтаған, дауыс ырғағын дұрыс қойған, әртістік қабілетін көрсете білген сайыскерлер жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтады.
Құрамында тіл жанашыры, мәденет саласының ардагері Қаратай Төлекеев, ақын, жазушы Манарбек Қыдырбай, музей директоры Нұрбек Нұралы сынды қаламгерлер бар қазылар алқасы байқау нәтижесін қорытындылай келе төмендегідей шешім қабылдады:
Үшінші орынды Оразалы Асылым мен Бекнұр Жолданғар иеленді. Жүлделі екінші орын Ерсін Мединаға бұйырды. Сайыстың жеңімпазы болып Көкшетау қаласы №1 мектептің 6-шы сынып оқушысы Серік Инабат танылды.
Іс-шара соңында қазылар алқасының төрағасы Қаратай Бәйкенұлы жас өрендерге алғыс айта келе, оқуда озат болуға тілектестік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1151819?lang=kk