«Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі «World dance.kz» халықаралық байқауында

«Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі «World dance.kz» халықаралық байқауында

31.01.2026 08:09:17 235

6 желтоқсан күні Көкшетау қаласында өткен «World dance.kz» халықаралық байқауы бір сахнада қырыққа жуық талантты қатысушыны жинады. Күн бойы шығармашылық шабытқа толы ерекше атмосфера орнап, жас өнерпаздардың әрбір өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Байқаудың ерекше мақтанышына айналған «Балдәурен» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблі өз ісіне деген сүйіспеншілігін, жоғары шеберлігі мен артистизмін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша ансамбль 1-орынға ие болып, оның солистері мен топтары төмендегідей жүлделерге қол жеткізді:
• Дюсембек Айша — Бас жүлде
• Нұрпейіс Аяулым — 1 орын
• Койбагарова Адема — 2 орын
• Байгозина Айым — 2 орын
• Нуралина Айзере — 2 орын
• Жақай Аяулым — 2 орын
• Ансамбль квинтеті — 1 орын
• Ансамбль триосы — 1 орын
Ансамбль жетекшісі Айымгүл Хасенова алғыс хатпен және сыйлықпен марапатталды.
Барлық қатысушыларды және «Балдәурен» ансамблінің жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жетістіктер сіздерді биік армандарға, жарқын өнер жолына және үлкен жеңістерге бастасын!
Жас өнерпаздарға сарқылмас энергия, шабыт және шығармашылық даму тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1151663?lang=kk