Елші Б.Атамқұлов Өзбекстанның инвестициялар, өнеркәсіп және сауда Министрі Л.Кудратовпен кездесті

Елші Б.Атамқұлов Өзбекстанның инвестициялар, өнеркәсіп және сауда Министрі Л.Кудратовпен кездесті

31.01.2026 12:56:40 115

Ташкент, 2026 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Л.Кудратовпен кездесуі өтті.
Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған өткен мемлекеттік сапарының қорытындыларын, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және қабылданған тапсырмаларды орындау жоспарларын атап өтті.
Ағымдағы жылға арналған іс-шаралар кестесіне, оның ішінде жоғары және ең жоғары деңгейлердегі байланыстарға, сондай-ақ бірлескен үкіметаралық және салалық ынтымақтастық тетіктерінің жоспарланған отырыстарына ерекшеназар аударылды, қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын мониторингтеуге баса мән берілді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде елдер арасындағы өзара сауданың жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық пен өзара инвестицияларды ынталандыру жөніндегі практикалық шараларды талқылады.
2030 жылға қарай екіжақты тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі Бірлескен бағдарламаның орындалу барысы жеке қаралды, оның ішінде нақты жобаларды іске асыру және сауда-экономикалық байланыстарды қолдау тетіктері қамтылды. Осы тұрғыда «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын дамыту мәселелері, сондай-ақ өзара сауданы ілгерілетудің негізгі құралдарының бірі ретінде «UzKazTrade» бірлескен сауда компаниясының қызметі талқыланды.
Тараптар сондай-ақ өнімнің сәйкестігін бағалауды өзара тану мәселелері бойынша пікір алмасты, тауар айналымын одан әрі ұлғайту мақсатында техникалық кедергілерді жою мен реттеуші тәсілдерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Анықтама үшін: Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің деректері бойынша 2025 жылдың қорытындысында тауар айналымы 4,97 млрд АҚШ долларына жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға өсті. Қазақстанның Өзбекстанға экспорты 3,43 млрд АҚШ долларын, импорт 1,54 млрд АҚШ долларын құрады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы шамамен 4,1 млрд АҚШ долларын құрады, 2024 жылы шамамен 4,5 млрд АҚШ долларына дейін өсті.


Кездесу аясында Өңірлер басшылары кеңесінің бірінші отырысын, сондай-ақ Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесінің кезекті отырысын өткізуге қатысты ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tashkent/press/news/details/1152092?lang=kk