АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ПРЕМЬЕРА
02.02.2026 09:43:28 129
30 қаңтар күні аудандық Мәдениет үйінде драматург Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясының премьерасы өтті. Қойылымды Халық театрының әртістері сахналады.
Спектакль отбасылық қарым-қатынаста кездесетін күлкілі әрі кейде абсурдты жағдайларды жеңіл әрі тартымды түрде көрсетеді. Комедиялық жанрға қарамастан, қойылымда туған тілді сақтау, ұлттық құндылықтар мен рухани тамырларға деген құрмет мәселелері қозғалады.
Сюжет барысында қала мен ауыл өмірі қатар көрсетіліп, жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығына ерекше назар аударылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1152284?lang=kk