“Ән салайын” атты дәстүрлі ән кеші өтті!

“Ән салайын” атты дәстүрлі ән кеші өтті!

02.02.2026 11:12:33 606

Қазақстанның Халық әртісі, қазақтың дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі Дәнеш Рақышевтің туғанына 100 жыл толуына орай Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияда «Ән салайын» атты дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті.

Аталған мәдени іс-шараның басты мақсаты – ұлттық ән өнерін насихаттау, дәстүрлі ән мектебінің сабақтастығын сақтау, сондай-ақ Дәнеш Рақышевтің бай шығармашылық мұрасын көпшілікке кеңінен таныту болды.

Концертке Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары қатысты. Атап айтқанда, «Жетісу» би ансамблі, «Жетісу сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, сондай-ақ филармонияның беделді әншілері өнер көрсетті. Ұжымдар мен жеке орындаушылар көрермен назарына қазақтың халық әндері мен дәстүрлі музыкалық шығармаларын ұсынды.

Кеш барысында орындалған әрбір өнер туындысы ұлттық нақышта безендіріліп, көрермен қауымға ерекше рухани әсер сыйлады. Концерт көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды әрі әсерлі мәдени кеш ретінде жоғары бағаланды.

«Ән салайын» атты дәстүрлі ән кеші қазақ халқының бай музыкалық мұрасын дәріптеуге, тарихи тұлғаның өнердегі орнын насихаттауға және өңірдің мәдени өмірін жандандыруға өз үлесін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1152469?lang=kk