Қазақстанның Елшісі А.Сейтақыновтың Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасары Г.Амартүвшинмен кездесуі туралы

Қазақстанның Елшісі А.Сейтақыновтың Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасары Г.Амартүвшинмен кездесуі туралы

03.02.2026 16:10:34 110

Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 2 ақпан – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолия Сыртқы істер министрінің орынбасары Гомборсүрэнгийн Амартүвшинмен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, туристік алмасуларды кеңейту, білім беру саласындағы ынтымақтастық және өзге де перспективалы бағыттарды талқылады.

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету аясында тараптар ағымдағы жылы іске асыруға жоспарланған өзара сапарлар мен іс-шаралардың күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Тараптар жоғары және ең жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жандандыруға, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ тығыз жұмыс байланыстарын сақтауға екіжақты мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1153748?lang=kk