Астана мен Любляна арасындағы өнер өткелі: Словенияда классикалық музыка кеші салтанатты түрде өтті

Астана мен Любляна арасындағы өнер өткелі: Словенияда классикалық музыка кеші салтанатты түрде өтті

03.02.2026 20:34:47 204

Любляна, 2026 жылғы 2 ақпан – Любляна қаласындағы Юлия Бететто атындағы тарихи залда (Julij Betetto Hall) айтулы мәдени іс-шара – Любляна университетінің Музыка академиясы мен Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігі бірлесіп ұйымдастырған «Бетховен рухында» атты концерт өтті.

Кештің басты оқиғасы – әлемге әйгілі виолончельші, профессор Эльдар Сапараев, Берлин филармониясы мен Цюрих камералық оркестрінің танымал шеберлері - Таня Сонц, Матик Кудер, Майя Роме, Зоран Маркович, Миха Митев және Андрей Жусттың орындауларында Людвиг ван Бетховеннің ең жарқын туындыларының бірі – ми-бемоль мажордағы №20 Септетін шығармасы қалың қауымға паш етілді.

Елдің танымал әйгілі мәдениет ошағында Люблянаның дипломатиялық корпусы, іскерлік топ, академиялық қауымдастық өкілдері, өнер қайраткерлері, Қазақстанның Словениядағы достары, сондай-ақ студенттер, қала тұрғындары мен қонақтары бас қосты. Концерт қызу аншлаг рухында өтіп, тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленуі арқылы Қазақстанның бай музыкалық әлеуеті барша жиналғандарға ұмытылмас әсер қалдырды. Словенияның ұлттық радиосы арқылы жүргізілген тікелей трансляцияның арқасында әлемдік классика туындыларын бүкіл ел тұрғындары тыңдап тамашалады.

Көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлап, зор қошеметке бөленген шығармашылық кеш қазақстандық классикалық музыка мектебінің Еуропадағы жоғары беделін айғақтап, шынайы рухани сабақтастыққа айналды. Елшіліктің аталмыш бастамаларды алдағы уақытта да одан әрі жалғастырып, халықтарымыз арасындағы өнердің әмбебап тілі арқылы достығын нығайтуға мүдделі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1154140?lang=kk