Жасұлан Ережепов Маринагор ауылдық округінің жаңа әкімі болып тағайындалды

Жасұлан Ережепов Маринагор ауылдық округінің жаңа әкімі болып тағайындалды

05.02.2026 16:13:53 269

2026 жылғы 4 ақпанда, Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов Маринагор ауылдық округінің активі мен тұрғындарына жаңа әкімді таныстырды. Кездесу барысында ол Жасұлан Бауыржанұлы Ережеповтің кәсіби тәжірибесін атап өтіп, жаңа қызметінде табысты әрі нәтижелі еңбек етуіне, халықпен тиімді өзара іс-қимыл орнатуына, басқарушылық шешімдерді салмақты қабылдауына және округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруына тілектестік білдірді.

Жаңа әкімді таныстыру аясында округ тұрғындарымен кездесу өтіп, онда халықты толғандыратын өзекті мәселелер мен проблемалар талқыланды, сондай-ақ алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

Еске сала кетейік, 1 ақпанда Маринагор ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Оның қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясынан ұсынылған Жасұлан Ережепов сайлаушылардың 80 пайыздан астам дауысын жинап, округ әкімі болып сайланды.

Бұған дейін ол мемлекеттік және коммуналдық құрылымдарда еңбек етіп, «Батыр» Президенттік полкінде қызмет атқарған, сондай-ақ Самар ауылдық округі әкімі аппаратының құрамында, оның ішінде әкімнің орынбасары қызметін атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1155636?lang=kk