САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖАҢА КАБИНЕТІНДЕ 701.01, 910.00 САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ НЫСАНДАРЫ ҚОЛЖЕТІМДІ

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖАҢА КАБИНЕТІНДЕ 701.01, 910.00 САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ НЫСАНДАРЫ ҚОЛЖЕТІМДІ

06.02.2026 16:44:03 192

📌Құрметті салық төлеушілер!

 

🔰Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 6-ақпаннан бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) келесі салық есептілігі нысандарының жаңа нұсқалары бар екенін хабарлайды:

  1. Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлем есебінің нысаны (701.01-СЕН);
  2. Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның нысаны (910.00-нысан).

СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары ондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.

 

‼️Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 2026 жылға арналған СЕН жаңа нұсқалары қол жетімді емес.

Бұл ретте, 2025 жылғы 2 жартыжылдықтағы салық есептілігін ұсынуы Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де қолжетімді болып қалады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1156587?lang=kk