Бейрезидент-заңды тұлғаның кірістеріне салық салу, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай-ақ, сыйақы түрінде

Бейрезидент-заңды тұлғаның кірістеріне салық салу, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай-ақ, сыйақы түрінде

06.02.2026 17:51:07 186

Бейрезидент Қазақстан Республикасында Салық кодексінің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерден салықтар төлейді.
        Бұл ретте Салық кодексіне сәйкес бейрезиденттің сыйақы түріндегі кірістері де Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер деп танылады.
        Бұл ретте "сыйақы" термині Салық кодексінің 12-бабында белгіленген ұйғарымға сәйкес қолданылады.

Қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмейтін бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістеріне шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынады.

Бұл ретте кредиттер (қарыздар), борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, бейрезиденттің сыйақылар түріндегі кірістеріне 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша төлем көзінен салық салынуға жатады. Бейрезиденттің кредиттер (қарыздар), борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі кірістері – 10 пайыз.
        Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың Салық Кодекс алдында басымдығы болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

Бұл ретте салық агентінің халықаралық шарттың ережелерін бейрезиденттің кірістеріне Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған сыйақылар түрінде қолдануы Салық кодексінің 706-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1156757?lang=kk