ШҚО-да «Халық бухгалтері» акциясы аясында жаңа Салық кодексінің нормалары түсіндірілуде

ШҚО-да «Халық бухгалтері» акциясы аясында жаңа Салық кодексінің нормалары түсіндірілуде

09.02.2026 18:13:05 186

2026 жылғы 6 ақпанда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары «Учёт.kz» КБҰ кәсіби бухгалтерімен бірлесіп салық төлеушілерге жаңа Салық кодексінің нормалары, салық есептілігін тапсыру тәртібі, арнаулы салық режимдері, ҚҚС бойынша есепке қою және есептен шығару, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетті.

Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Консультациялар тұрақты түрде өткізіледі: қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін, наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.

Мекенжайы: Өскемен қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат.

Облыстың басқа қалалары мен аудандарының тұрғындары үшін бейнебайланыс арқылы мамандардан кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған: 8 771 123 80 84.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1157841?lang=kk