Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен БҰҰ АзТМЭӘК ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

10.02.2026 09:13:41 193

Бангкок, 2026 жылғы 9 ақпан - Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан БҰҰ АзТМЭӘК Бас хатшысының серіктестік және үйлестіру мәселелері жөніндегі орынбасары Шомби Шарппен кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен БҰҰ АзТМЭӘК арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, Азия–Тынық мұхиты өңіріндегі ең беделді өңірлік ұйымдардың бірімен серіктестікті одан әрі нығайтудың перспективаларын қарастырды.

Айрықша назар Қазақстанның Алматы қаласында БҰҰ АзТМЭӘК-ның Тұрақты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын құру жөніндегі бастамасына аударылды. Бұл Орталық тұрақты даму мүддесінде мемлекеттер арасында тәжірибе, озық практикалар және цифрлық технологиялар алмасуын ілгерілетуге бағытталған жаңа өңірлік БҰҰ институты болады деп күтіледі.

Елші Баймұхан Шомби Шарпты Қазақстанның қазіргі және жоспарланған әлеуметтік-экономикалық бастамалары туралы хабардар етті. Сонымен қатар әңгіме барысында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, азаматтармен диалогты күшейтуге және инклюзивті әрі тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған елдегі конституциялық реформалар қозғалды.

Анықтама үшін: БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АзТМЭӘК) — өңірдегі ең ауқымды үкіметаралық платформа. Штаб-пәтері Бангкок қаласында орналасқан Комиссия 53 мүше мемлекет пен 9 қауымдастырылған мүшенің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы ынтымақтастығына жәрдемдеседі. БҰҰ АзТМЭӘК — Біріккен Ұлттар Ұйымының бес өңірлік комиссиясының бірі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1157982?lang=kk