2026 жылы кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну туралы
10.02.2026 09:56:59 142
Кірістер мен мүлік туралы декларацияны 2026 жылы 270.00 нысаны бойынша 2025 жылға ұсынады:
1) мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;
2) заңды тұлғалардың басшылары және олардың резидент жұбайлары;
3) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталдағы үлесінің (акционерлік қоғамдардың акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент жұбайлары;
4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық портфельді басқаратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;
5) жеке практикамен айналысатын адамдар;
6) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салық кезеңі үшін жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірісін алған тұлғалар;
7) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасы бар тұлғалар жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада;
8) шетелде мүлкі бар адамдар;
9) меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
10) есепті салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасында және (немесе) одан тыс жерлерде құны 20 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мүлікті (жылжымайтын мүлікті) сатып алған тұлғалар; механикалық көлік құралдары мен тіркемелер; заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; бағалы қағаздар; туынды қаржы құралдары; тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері; инвестициялық алтын);
11) салық агентіне басқа шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш берген тұлғалар (01.01.2026 ж. бастап – 2025 ж.өтініштері бойынша).
Декларацияларды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін.
Декларацияны электронды түрде "САЛЫҚ төлеушінің ISNA Кабинеті", "Электрондық үкімет" веб-порталдары, "e-salyqAzamat", Halyk, Bank Centercredit, kaspi мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште пошта арқылы, ХҚКО арқылы не келу тәртібімен мемлекеттік кірістер басқармасына ұсынуға құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1157993?lang=kk