6636 әскери бөлімінде үгіт-насихат жұмысы
10.02.2026 12:26:25 150
№64 мекемесінің қызметкерлері 6636 әскери бөлімінде үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара аясында №64 мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Бурлинов Б. М. және бөлім бастығы Рахимов К. К. әскери қызметшілермен кездесіп, әрі қарай білім алу және кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында Қостанай академиясына түсу мәселелеріне ерекше назар аударылып, қабылдау шарттары, үміткерлерге қойылатын талаптар, оқу бағыттары және академияны тәмамдағаннан кейінгі қызметтік перспективалар түсіндірілді.
Әскери қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауап алып, құжаттарды дайындау және іріктеу кезеңдерінен өту бойынша практикалық ұсыныстармен танысты.
Мұндай кездесулер жеке құрамның ынтасын арттыруға, болашақ мамандық пен қызмет жолын саналы түрде таңдауға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1158238?lang=kk